preloader

Жаңалықтар

«Қажылыққа дайындық дәрістері» жалғасуда

«Қажылыққа дайындық дәрістері» жалғасуда

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде қажылыққа ниеттенген азаматтар үшін түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Алматы облысы бойынша қажылық бөлімінің бас маманы Спамақун Асиғат мешітке жиналған көпшілікке арнайы дәріс өткізіп, қасиетті сапарға шығудың мәні мен аталмыш құлшылықтың жасалу тәртібін жан-жақты түсіндірді.

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 16 туроператорға жалпы саны 5081 қажылық орны бөлінді. Қажылар 2-10 маусым аралығында қасиетті сапарға аттанып, маусым айының 21-28 аралығында елге оралады деп жоспарлануда. Тасымалдау жұмыстары биыл Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларынан жүзеге асады. Қазақстандық қажыларға отандық «Air Astana» мен «SCAT», сондай-ақ «Flynas» (Сауд Арабия Корольдігі), «Air Arabia» (БАӘ), «Jazeera» (Кувейт) мен «Turkish Airlines» (Түркия) сынды халықаралық әуе компаниялары қызмет көрсетеді.