preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті

Балқаш ауданы: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында арнайы шара ұйымдастырылды.

Шараға ауданның ақсақалдар алқасы, аналар кеңесі, әкімшілік қызметкерлері және ауыл жастары қатысып, «Ақкөл көтерілісі» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осыдан кейін аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Құран аяттарын оқып, сауабын зұлмат заманда жазықсыз кеткен, құрбан болған ата-бабаларымыздың рухына бағыштады.

Өз кезегінде аға буын өкілдері сол бір қасіретті жылдардың, аталмыш кезеңнің жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.