«Бала тәрбиесі басты байлығың» атты семинар өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылдық «Мәметәлі қожа» мешітінде «ерекше» балалары бар аналарға арналған «Бала тәрбиесі басты байлығың» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренинг барысында Алматы облысына қарасты Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нәзерке Әкішқызы шариғат шеңберіндегі бала тәрбиесі туралы айтса, психолог, арт терапия маманы Санира Шаймұратқызы бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жіберетін қателіктеріне тоқталды. Сондай-ақ шараға «Ықылас» қайырымдылық қорының жетекшісі Рима Жаманқызы да қатысты.
Шара соңында көпшілікке сұрақтар қойылып, жамағатқа сыйлықтар үлестірілді.