preloader

Жаңалықтар

Балалар күніне орай ауқымды шара өтті

Балалар күніне орай ауқымды шара өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде мерекелік шара ұйымдастырылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен, Гүлмира Рымханқызы ұстаздың  ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында аниматорлар шақыртылып, байқаулар өткізілді. Сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлыққа кітаптар берілді. Бұдан бөлек, балаларға балмұздақтар үлестірілді.