preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Имандылық дәрісі» ұйымдастырылды

Қарасай ауданы: «Имандылық дәрісі» ұйымдастырылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Райымбек ауылындағы «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешітінің имамдары ерекше жандарға арналған «Имандылық дәрісін» ұйымдастырды.

Шара барысында дін қызметкерлері Абай ауылындағы «Ерекшем» оңалту орталығында имандылық туралы дәріс оқып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы тәттілер үлестіріліп, 15 жанұяға құрбандық етін таратып берді.