preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Қарттар үйіне зиярат жасалды

Іле ауданы: Қарттар үйіне зиярат жасалды

Алматы облысына қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің ұжымы «Саудабай» қарттар үйіне зиярат жасады.

Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және жергілікті Әйел-қыздар секторының жетекшісі Майгүл Айтбайқызының ұйымдастыруымен қарттарға ақ дастарқан жайылып, азық-түлікпен көмек көрсетілді. Дархан Аманұлы өз сөзінде қарттарға насихат айтып, жылы лебізін білдірді.

Көңілдері көлдей шалқыған мекеме тұрғындары дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.