preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданы: Құрбан айт мейрамына орай жиын өтті

Райымбек ауданы: Құрбан айт мейрамына орай жиын өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мейрамына орай Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Азамат Бексұлтанұлы жергілікті дін қызметкерлеріне Құрбан айт күндері тәртіпке барынша мән беруге, құрбан шалынатын орындардың санитарлық тазалығы мен ветеринарлық талаптарға сәйкес болуын қадағалау тағы сол сияқты құрбан айт күнгі орындалатын діни рәсімдерге мұқият қарауды тапсырды.