Талғар ауданына жаңа бас имам тағайындалды
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Талғар ауданында болды.
Жұма намазының алдында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Ерқанат Серікұлын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, облыс бас имамы бұған дейін Талғар ауданының бас имамы болып қызмет атқарған Нұржан Пірәліұлы алғыс айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Алдағы уақытта Нұржан Пірәліұлы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылдық мешітінің имамы болып қызметін жалғастыратын болады.
Бұдан бөлек облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндеттері» тақырыбында жұма уағызын айтты.