preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында Құрбан айтқа қатысты жиын өтті

Талғар ауданында Құрбан айтқа қатысты жиын өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мейрамына орай Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Нұржан Пірәліұлы жергілікті дін қызметкерлеріне алда келе жатқан Құрбан айт мерекесін барынша дайындықпен қарсы алуға, сондай-ақ қасапханалардың тазалығына ерекше мән беруге және қасапшылардың қызметіне мұқият болуды тапсырды.