Дін істері басқармасының басшысы Балқаш ауданында болды
Алматы облысының Дін істері басқармасының басшысы Кошеке Ерғали Ахилбекұлы жұмыс сапарымен Балқаш ауданында болды.
Іс-сапары барысында Ерғали Ахилбекұлы Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлымен кездесу өткізіп, аудандағы діни ахуал мәселесі төңірегінде сұхбат құрып, қоғамның руханиятын қалыптастырудағы мешіттер мен дін қызметкерлерінің рөліне тоқталып өтті.