preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешітінде «Имани жаз-2024» курсы аяқталды

Қарасай ауданы: «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешітінде «Имани жаз-2024» курсы аяқталды

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы Райымбек ауылындағы «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешітінде «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының жұмысы аяқталды.

Салтанатты шараға өңіріміз бойынша Діни оқу-ағарту бағытына жауапты қызметкер Сәкен Еншібайұлы және мешіт имамы Қалжан Әрібжанұлы арнайы қатысып, 60 шәкіртке сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Бұдан бөлек жергілікті ұстаздардың ұйымдастыруымен шәкірттерге ақ дастарқан жайылды.