preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Имани жаз – 2024» шәкірттер арасында сайыс өткізілді

Іле ауданы: «Имани жаз – 2024» шәкірттер арасында сайыс өткізілді

Алматы облысы, Іле ауданы «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің ұйымдастыруымен аудан деңгейінде «Имани жаз – 2024» шәкірттер арасында сайыс өткізілді.

Сайысқа Іле ауданына қарасты барлық мешіттерден 1 ұл, 1 қыз қатысып, бақтарын сынады. Іс-шара Нуриддин қаридың қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, Даулетияр Сағитжан мырза батасын берді. Алматы облыстық мешітінің наиб имамы Сулейменов Талғат облыстың өкіл имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы сайыс шарттарына тоқталып, қазылар алқасын таныстырды. Төрелік еткен:  Алматы облыстық мешітінің наиб имамы Сулейменов Талғат, Алматы өңірі мешіттерінің заңгері Дәулетияр Сағитжан, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы, Нуриддин қари, Іле ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Майгүл Айтбайқызы.

Аталған сайысқа 50 шәкірт қатысты. Нәтижесінде І орынды Исатайұлы Иманғали және Шарипова Рабиға иеленді. Жүлделі ІІ орын  Қыдырқазы Таңжарық және Ақлепес Аяулымға бұйырса, ІІІ орынды Олжас Абдурахман және Ақлепес Фатима қанағат тұтты. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталып, тегін балмұздақ таратылды.