БАҚАНАСТА «ИМАНДЫЛЫҚ» ӘЛІППЕСІМЕН ҚОШТАСУ КЕШІ ӨТТІ
Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында «Имандылық» әліппесімен қоштасу кеші аталып өтті.
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы өкілдігі бойынша жауапты маманы, Назерке Әкішқызының қатысуымен сауат ашу курсын аяқтаған шәкірттерге сертификаттар табыстап, Алладан алдағы оқу жылына сәттілік пен зор ықылас және зейін тіледі. Жазғы сауат ашу курсында «Құран әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», тағы басқа дәстүрлі дәрістер өткізілді. Жазғы демалысын сауат ашуға арнаған дарынды да зейінді 50 ден аса қыз-келіншектер дәрістерден бөлек табиғат аясында демалып, сурет салып, қалған уақыттарында мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен эстафета, викториналық сұрақ-жауап, түрлі шеберлік сағаттарына да қатысты. Әртүрлі форматтағы ойындар ұйымдастырылып, шәкірттерге балмұздақ және тәттілер таратылды. Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы осы іс-шараларда белсенділік танытқан ата-аналар мен ұстаздарға ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.