РАНТ МҮШЕСІ ОБЛЫС ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
РАНТ мүшесі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы Алматы облысының дін саласында қызмет атқарып жүрген жалынды жастарымен кездесті.
Алматы облысы бойынша дін істері басқармасымен біріге өткізген кездесуде қазіргі таңдағы діни ахуал мен жат ағымнан сақтану жолдары жайлы жастарға уағыз-насихат айтылды. Жастар жағынан дін тақырыбында әртүрлі сұрақ-жауап сұхбат өткізілді. Сонымен қатар РАНТ мүшесі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы видео интервью арқылы да көптеген сауалдарға тұшымды жауап берді.