preloader

Жаңалықтар

КЕГЕН АУДАНЫНДА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

КЕГЕН АУДАНЫНДА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алматы облысы, Кеген ауданы «Әулие абыз Әлмерек баба» мешітіне жаңа имам тағайындауы бойынша бұйрығы жамағатқа таныстырылды.

Қасиетті жұма күні Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Әулие абыз Әлмерек баба»  мешітінде «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді. Жұма насихаты барысында: «Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалаған. Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор», – деді бас имам.
Уағыз соңында Мадияр Тағайбайұлы  жамағатқа Бас мүфти бұйрығымен Алматы облысы, Кеген аудандық «Әулие абыз Әлмерек баба» мешітіне үш айлық сынақ мерзімімен бас имам болып тағайындалған Сатыбалды Әзімді таныстырды. Сатыпалды Әзім бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Нұрмұхаммед» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

Санымен қатар өкіл имам Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлымен кездесіп, аудандағы діни қызмет барасымен таныстырды.

Мешіт ақсақалдары ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға етіп, имамдар қызметіне сәттілік тілеп бата жасады.