preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «АСЫҚ ОЙЫНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ» ТАНЫМДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «АСЫҚ ОЙЫНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ» ТАНЫМДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

ҚМДБ ның “Дін мен Дәстүр” бағытының аясында Алматы облысы өкілдігіне қарасты Райымбек ауданының имамдары ұлттық дәстүрімізге сай “Асық ойыны және түрлері” атты кездесу өткізіп, балаларға үйретіп, таным-түсінік берді.
«Қазіргі қоғамның дерті болған гаджет, әлеуметтік желіге телмірген заманда балаларға ұлттық асық ойынын ойнау аса маңызды екенін түсіндіргіміз келді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар. Асық ойыны баланы ой жағынан да бой жағынан да өсіріп жетілдіретіні мәлім. Жас балаларға асық ойнап үйрену қызықты өтті, Мұндай іс-шаралар жалғасын таппақ.