preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МӘУЛІТ АТАЛЫП ӨТТІ

Талғар ауданындағы «Биеке батыр » мешітінде аудандық деңгейде Мәуліт аталып өтті.

Жамағатқа адамзаттың асылы, екі дүние сәруары ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы — Мәуліт мерекесіне орай насихат айтылып, арнайы дастархан жайылды. Аудан зиялылары қатысқан шарада Ратбек қажы Нысанбайұлы насихат айтып, аудан жамағатын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Шарада сөз алған аудан имамы Ерқанат Серікұлы бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді.