preloader

Жаңалықтар

БАС ИМАМ «ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

БАС ИМАМ «ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Қапшағай» орталық мешітінде әйел жамағатының «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында өткізілген жиынға қатысты.

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара барысында ұстаздар да шәкірттерге әлеуметтік желіні қолдану әдебі жөнінде насихат айтты.

Мадияр Тағайбайұлы әлеуметтік желіде ұстаздардың сөйлесу, пікір бөлісу, орта деңгейімен санасу тәрізді қарапайым әдептерді сақтау, ислам діні дәріптейтін көркем мінез үлгісін көрсете білудің маңыздылығын жеткізді. Мұндай алғышарттар орындалмаған жағдайда өздеріне қатысы жоқ мәселелер үшін айтысып-тартысу, өсек пен ғайбат айту, нала мен жала жабу қыза түсіп, аяғы үлкен дауға ұласып жатады. Нәтижесінде, тозған жүйке, жойылған сауаптан басқа тапқан ешбір пайда жоқ. Соңы дін мамандарына деген көзқарастың төмендеуіне алып келуі мүмкін», — деп атап өтті бас имам.

Ал ұстаз Назерке Әкішқызы сөз сөйлей білу, ойын әдеппен жеткізе білу үлкен мәдениет екенін айтып, ең үлкен абырой – көркем мінез екенін тілге тиек етті. «Адам дер кезінде тілі мен көзін тыя білсе, мыңдаған бәленің алдын алады, өзіне һәм өзгеге зиян тигізуден аман болады», — деп түйіндеді. Ұйымшыл әйелдер жамағаты сұрақ-жауаптар алмасып, құнды мәлеметтермен бөлісті.