preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «АСАН СОПЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: «АСАН СОПЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ҚМДБ ның “Дін мен Дәстүр” бағыты және “Діни оқу ағарту” бағыты бойынша Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы “Асан сопы” мешітінде “Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі” тақырыбында семинар және Мәуліт айының құрметіне рухани кеш өтті.

Шараға Райымбек ауданы бойынша ауыл имамдары және жастар жамағаты қатысты. Ауданның бас имамы “Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі” тақырыбына кеңінен тоқталып, тағылымды насихат айты. Іс-шара соңынан ақ дастархан жайлыып, дәм ұсынылды. Жастар жамағаты өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта басқа да ауыл мешіттерінде осындай басқосу іс-шараларды көбірек ұйымдастыруды сұрап, тілек-өтініштерін жеткізді.