АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЗЕКЕТ ӨКІЛІ МЕН ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл көктемдегі су тасқыны кезінде тұрғындарға жәрдемші болған еріктілер мен зекет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
Әр өңірден келген зекет өкілдері мен еріктілер қатарында Алматы облысы бойынша жауапты мамандар да қатысты. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы облысы бойынша жауапты маманы Ринат Маратұлы бастаған еріктілер тобы Бас мүфти Наурызбай қажы тағанұлының арнайы алғыс хатымен мапатталды.
«Сіз еліміздің кейбір аймақтарында орын алған алапат су тасқыны салдарынан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созып, нағыз еріктіге тән ерлік көрсеттіңіз. Сол секілді мүфтияттың қайырымдылық іс-шараларында белсенділік танытып, өзгелерге үлгі боларлық ісіңіз үшін айрықша алғысымды білдіремін. Алла сізге разы болсын!» делінген алғыс хатта.