ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ШАРИФ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
Талғар ауданы, Бесағаш ауылында орналасқан “Шариф” мешітінде Мәуліт оқылды.
Мешіттің бас имамы Айдын Жеңісұлы кешті Құранмен ашып берді. Алматы облысының әйел- қыздар сектор жетекшісі Назерке Әкішқызы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен уағыз айтты. Жиналған әйел жамағаты бірлесе салауат жырларын айтты. Мешіт ұстазы Сахидам Розахунқызы келген жамағатқа қонақтарды таныстырып, үлкен ақ жаулықты әжелерден бата сұрады.
Жамағатқа арнайы ақ дастарханы жайылып, мәуліт сыйлары таратылды.