preloader

Жаңалықтар

«АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ, АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ» РУХАНИ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

«АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ, АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ» РУХАНИ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Адалдықтың үлгісі, Адамзаттың асылы» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Кешке ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкіл имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы және ауданға қарасты ауыл имам молдалары мен аудан тұрғындары қатысты. Мадияр қажы Тағайбайұлы жиналған халықты құттықтап арнайы уағыз насихат айтты. Сондай-ақ мерекелік шарада «Өнер қырандары» театры ұжымы сахналық қойылымдар қойып, адалдық тақырыбын тұздықтады. Қанатбек Полатбек және Ринат Төре сынды эстрада әншілері иләһи әндер орындап, пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізді. Сонымен қатар Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнап Мәуліт оқылып, құран аяттарынан соң ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.