preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУДА «БАУЫРСАҚ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

АЛАТАУДА «БАУЫРСАҚ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Алатау қаласында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Бауырсақ күні» аталып өтті.

Мерекелік шараға арнайы келген Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Талғат Абайұлы дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мақсатына өткізіліп жатқан шараның маңыздылығы туралы айтты. Шараға қатысушыларға арнап, қазақ үй тігіліп, дастархан жайылды. Жанболат және Нариман есімді өнер азаматтары дәстүрлі ән-жырлардан шашу шашты. Бұл шараға Алатау қаласы бойынша әйел-қыздар жамағаты үлкен үлес қосты.