preloader

Жаңалықтар

«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 60 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ

«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 60 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ

Алматы облысы, Алатау қалалық «Қожа Ахмет Яссауи» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «ТАЙҚАЗАН» жобасы аясында аз қамтылған 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Талғат Абайұлы: «Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған дей келе, қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі екендігі туралы насихат айтып, отбасыларға азық-түлік қоржынын табыстады. Көмек алған отбасылар мешіт имамдарына алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.