preloader

Жаңалықтар

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Мәуліт айының құрметіне Алатау қаласында “Қожа Ахмет Ясауи ”мешітінің жанындағы медреседе ұстаз Бақытнұр Нұрмағамбетованың ұйымдастыруымен әйел- жамағаты арасында “Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі” атты мәуліт кеші өткізілді.

Шарада Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сара жолынан ғибраттар айтылып мәліметтер берілді. Одан бөлек хатым дұғасы жасалынып, шәкірттер жаттаған хадистер тыңдалды. Құран әліппесі бойынша талқы өткізілді. Шара соңында Пайғамбарға (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігін ең жақсы жеткізген қатысушылар марапатталып, алғыс айтылды. Қазақ үй басында дастарханда басқосу жалғасты.