preloader

Жаңалықтар

КЕГЕН АУДАНЫ: ИМАМДАР МҰРАЖАЙҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

КЕГЕН АУДАНЫ: ИМАМДАР МҰРАЖАЙҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасы бойынша бір топ Алматы облысы Кеген ауданының имамдары орталық мұражайға саяхат ұйымдастырды.

«Darhan Dala» жобасының басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда Кеген имамдары мұражайдағы көне жәдігерлерімен қатар тарихынан тың ақпараттарымен таныс болды.