preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қасиетті Мәуліт айының соңғы күндерінде Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде Ахмад Һади Мақсудидің «ИСЛАМ ҒИБАДАТЫ» кітабының Иман, Тазалық, Намаз бабтарынан аудандық білім сайысы өтті.
Аталмыш доданың басын Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы ашып сайыстың шарттарын түсіндіріп өтті. Ауданның барлық ауылдық мешіттерінен Қалмет ата, Бәйдібек баба, Қасымбек ауылдық мешіті, Алтын асық мешіті, Ұзынағаш ауылдық мешіті (35 үй), Абыз ата Құртқа тәуіп мешіті, Майбұлақ мешіті, Рахым мешіті, Сәт мешіті, Мыңбаев ауылдық мешіттерінен жамағаттар келіп өзара бақ сынасты.
Сонымен қатар, бұл білім сайысына Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінің наиб имамы және облыстық «Діни оқу ағарту» бағытының жауапты меңгерушісі Сәкен Еншібай келіп, шәкірттерге сәттілік тілеп, бағы мен бабы қоса жанып жүлделі орынды иеленген жандарға қаржылай сыйлық беріп, мәуліт сыйын табыстады.
Өзгелерден оза шауып өздерінің білімдерінің нәтижесін көрсетіп 3-ші орынды Қасымбек ауылдық мешітінің жамағаты Қалжігітов Нұржігітке бұйырса, 2- ші орын Қарғалы ауылы «Майбұлақ» мешітінің жамағаты Бағдат бауырымызға бұйырса Ұзынағаш ауылдық мешіті -2 (Алтын асық) мешітінің жамағаты Төлепберген ағамыз қанжығасына байлады.
Шара соңында Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің Қасиетті Құран Кәрімнің 30 парасын жаттаған болашақ қари шәкірттерге арнайы сертификаттар мен Мәуліт сыйын табысталды.