БАЛҚАШ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТТІ
Балқаш ауданы: « Әйелдер-қыздар » секторының ұйымдастыруымен Балқаш аудандық орталық « Оспанқожа ата » мешітінде « Ислам және отбасы » бағдарламасы аясында әйел жамағатына арналған семинар өтті.
Семинар Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы алғысөз сөйлеп, Исламдағы отбасының орны , қазақ қоғамындағы аналардың рөлі жөнінде насихат айтуымен басталды. Шараның қонақтары Қазақстан республикасының құрметті азаматы Демеуқұлова Зәуреш Жұмағалиқызы, Қазақстан Ассамблеясының Қоғамдық келісім және даму орталығының жетекші сарапшысы Жусупова Ғалия Абдирахманқызы арнайы қатысты.
Балқаш ауданы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Сармантаева Қымбат отбасының берекесі – аналардың қоғамдағы орны және қазақ әйелдерінің психологиялық мәдениеті туралы айтты.