preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ДОСТЫҚ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ДОСТЫҚ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ӨТТІ

Талғар ауданы, «Достық» мешітінде «Екі дүние сардары» атты мәуліт кеші өтті.

Мәуліт кешінде ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Серікбай қажы Ораз, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысып, қатысушы жамағатқа насихат айтты. Мәуліт жыры оқылып, дастархан жайылды. Шараға сондай — ақ Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлы және басқа да ауданға қарасты мешіт имамдары қатысты. Дәстүріміз дәріптеліп, тұсау кесер рәсімі өтті. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен бейнебаян көрсетіліп, сұрақ — жауап ұйымдастырылды. «Достық» мешітінің имамы Ербол Серікбайұлы белсенді қатысқан жамағатқа сыйлықтар үлестірді.