preloader

Жаңалықтар

«ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАП ӨТІЛДІ

«ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АТАП ӨТІЛДІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы “ Жақсылық Үшкемпірұлы” мешітінде “Адалдық жаршысы Мұхаммед(ﷺ)” атты мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш Алланың кәләмі құран аяттарымен басталып, Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Жиналған жамағатқа Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен үлгі насихат айтты. Сонымен қатар Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек ұстаз мәуліт ұғымының мән-мағынасын түсіндірді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнап Хусниддин қари мен Абдулмажит ұстаз мәуліт оқыды. Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сағынышпен жиналған 300-ге жуық ерлер мен әйелдер қауымына мол дастархан жайылып, діни сұрақ-жауаптар алмасты. Арнайы видеоролик көрсетіліп, қызықты ойындар арқылы тұрмысқа қажетті сыйлықтар табысталды. Әрбір келген көрермен ескерусіз қалмай сыйға “Діни-танымдық викториналық сұрақтар” кітабы таратылды. Рухани жиынды жүргізуші Қасым Әшімов жамағат көңілінен шықты. Қорынды сөзді мешіт имамы Шоқан ұстаз түйіндеп, бұл іс-шараға ұйымшылдықпен атсалысқан ұстаздар мен барлық ерлер және әйелдер жамағатына алғысын білдірді. Осындай ауқымды түрде өткізілген мәуліт кешіне халық дән риза болып, өз лебіздерін білдірді. Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар баталарын берді. Жүректердің төрінен орын алған Алланың сүйікті Елші Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне сәлем салауаттар болсын. ‎