ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: “ҚҰРТҚА” МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ
Қарасай ауданына қарасты “Құртқа” мешітінде Ихсан және насихат бағыты бойынша “Ислам және отбасы” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды ҚМДБ “Әйел-қыздар” секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы өткізді. Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалағанын айтып, кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ дінімізде ерлі-зайыпты адамдардың атқаруы қажет болған міндеттері мен әдептерін тарқатып айтты.



