preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: «СМАНҚҰЛ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫ: «СМАНҚҰЛ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Алматы облысы Іле ауданы Н.Тілендиев ауылы «Сманқұл» мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күніне арналған мәуліт кеші болып өтті.

Кешке Іле аданының бас имамы Тәңірберген Дархан және бірқатар имамдар мен кәсіпкер кісілер мен ауыл тұрғындары қатысты. Мәуліт кеші Хабибулла қаридың құран оқуымен басталып, Қараой ауылының ақсақалы Сүлеймен қарияның бата жасауымен басталды. Кештің басты қонқтарының бірі Іле ауданыгың бас имамы сөз алып, мәуліт айының қадір-қасиеті мен мәуліт оқытудың сауабы жайлы насихат айтты. Содан соң Сманқұл мешітінің наиб имамы Серік имам мен Бектұр қари арабша және қазақша Пайғамбарымыздың дүниеге келу сәтін баяндайтын мәуліт жырын айтты. Кешке келген қонақтар да кезек-кезек жақсы лебіздерін айтып, Сманқұл мешітінің имамы Сакен Еншібайұлы мен мешіт ұжымына алғыстарын айтты. Қонақтар мен ауыл тұрғындарына арнап дастархан жайылып ас берілді.