preloader

Жаңалықтар

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ: БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ ның “Дін мен Дәстүр” және “Діни оқу ағарту” бағыттарының аясында Алматы облысы, Райымбек аудандық “Әбдіғали Жетенұлы” мешітінде аудан бойынша барлық мешіттердің жастар жамағаттарының арасында “Дін мен Дәстүр”кітабынан және Фиқһ пәнінен тест түрінде білім сайысы өткізілді.

Шараны Сәрсембиев Қуат құран оқумен ашып, Ринат Маратұлы бата жасады. «Қапшағай» орталық мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы және Райымбек ауданының бас имамы Азамат Бексұлтанұлы білім сайысына келген жастар жамағатына алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі. Білім сайысына 20-ер жамағаты қатысып, өз білімдерінен бақ сынасты. Сайыста «Қапшағай» орталық мешітінің наиб имамы Ринат Маратұлы төрелік жасады.
“Дін мен Дәстүр”кітабы бойынша білім сайысынан:-
1-орынды Лабылбайұлы Айдос
2-орынды Оразхан Жасталап
3-орынды Аухат Ербол қанжығаларына байлады!

Фиқһ пәні бойынша білім сайысынан:-
1-орынды Айболат Досбол
2-орынды Лабылбайұлы Айдос
3-орынды Исенбаев Қайрат қанжығаларына байлады.
Білім сайысы жоғары деңгейде өтті.