preloader

Жаңалықтар

«ЖАҚСЫЛЫҚ» ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ ҚАРТТАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

«ЖАҚСЫЛЫҚ» ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ ҚАРТТАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы округы “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде “Жақсылық” ерікті жастары “Алтын жүрек” қарттар үйіне барды.

Мешіт имамы Құдайбергенұлы Шохан ұстаз “Қариялар алтын қазынамыз” екенін айтып, мешіт жамағаты үлкендердің батасын алу мақсатында сол жерде қазан көтеріп , ас дайындады. Ал ерікті жастар қолдан жасаған бұйымдарын сыйлап, өнерлерін ортаға салып, домбырамен терме, күй орындап ата-әжелердің көңіл-күйін көтеріп, қуантты. Көңілдері толған апалар: “Ерікті жастарымыз келіп, бір сәт ауыруымыз бен кәрілігімізді ұмытып, жас балаша қуанып, марқайып қалдық”-десті. Бірге түскі ас ішіп, кішілер құрметін көрсетіп, үлкендер баталарын беріп қоштасты.
Бұл іс-шара ерікті жастарымызға тәлім болып, тұлғалық қалыптасуға әсерін тигізгені сөзсіз. Әр бір келген ерікті өз сезімдерімен бөлісіп осындай жақсы істе жанашырлық танытып, тағыда жақсылық жасауға ниеттерін жеткізді.

“Қарты бар үйдің қазынасы бар” демекші, қарияларымыз аман болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бата алып, көгеретін ізетті де білімді жастарымыз көп болсын.