ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖАЛҒАСУДА
ҚМДБ жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Құран және тәджуит ережелерінен дәріс жүргізуді тапсырған болатын.
Жылдың басында 3 ай бойы имамдарға облыстық қарилар дәріс өткізді. Ал жыл соңына қарай 2 айлық құран курсы жүргізіліп жатыр. Алматы облысы бойынша 9 аудан, 2 қаладан 400- ден астам дін қызметкерлерін 16 қари топтар мен деңгейлеріне қарай бөліп оқытуда. Курс соңында арнайы емтихан өткізіліп, өткізілген дәрістер бойынша дін қызметкерлерінің білім деңгейі тексерілмек.