ІЛЕ АУДАНЫНДА МЕШІТТЕР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Іле ауданының мешіттері жылды қорытындылады
Іле ауданы, Байсерке ауылдық «Д.А.Қонаев» мешітінде Іле ауданына қарасты барлық ауыл имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген бес бағыт бойынша жоспарға сәйкес өздерінің жыл бойы атқарылған есептерін тапсырды.
Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы имамдардың есептерін тыңдап, кемшіліктерің ескертіп, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып талқыланды. Жылда дәстүрге айналған желтоқсан айындағы жалпы қорытынды есепте діни қызмет барысында жоғары нәтиже көрсеткен дін қызметкерлері «Үздік имам-2024», «Үздік наиб имам-2024», «Үздік ұстаз-2024» номинацияларымен марапатталатыны айтылды.