preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «УАҒЫЗ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында ауыл имамдарына жылдық жоспарға сай «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өтті.

Аудан имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы дін қызметкерлерге арналған семинарда уағыз айтудағы жауапкершілік, уағыз айту барысында көркем сөйлеу мен дәйекті сөздермен жеткізу жайлы айтылды. Қазақ мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерін аят-хадиспен байланыстыру әдістері қозғалды.Сонымен қатар халыққа ислам құндылықтарын жеткізудегі әдістеме түсіндірілді. Насихат айту кезінде дін қызметкерлері ескеруі тиіс ережелер мен қағидалар айтылды.