ҚАРАСАЙ АУДАНЫ: «ӨЗІҢДЕГІ НҰРДЫ ІЗДЕ» АТТЫ РУХАНИ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде әйел-қыздарға арналған “Өзіңдегі нұрды ізде” атты рухани семинар өтті.
Семинар мақсаты- ауыл қыз-келіншектерінің иманын көтеріп, Аллаға жақындайтын қадамдарды түсіндіру.
Тақырып аясында:
-“Нұр дегеніміз біздің иманымыз”
-“Иманымызды қалай нығайтамыз”
-“Раббымызбен байланыс қалай орнатамыз”
-“Жан тыныштығына қалай жетеміз”— сынды тақырыптар ашықталды.
Жиналған нәзік жандылар өте белсене қатысып, кері байланыс жасап отырды. Нәтижесінде семинар өте жоғары деңгейде өтіп, құнды ақпараттар алғанын және жүрек жарды тілектерін жеткізді. Семинар ұйымдастырушы әрі әйел-қыздар секторының ұстазы Сабурова Севара рухани тақырыбымен қатар жақында жарық көрген “Дін мен дәстүр” ІІІ кітабын әйелдер жамағатына таныстырып, мазмұнын талқылап өтті. Семинарға дән риза болған ханымдар мен қыздар алғыстарын айтты.