preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ 2024 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫ 2024 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Талғар ауданы имамдары 2024 жылды қорытындылады.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бекітуімен 2024 жыл «Ислам және дәстүр құндылығы » жылы болып аталған болатын. Осы жыл аясында ауданымызда көптеген мәдени — рухани шаралар ұйымдастырылып, насихаттар жүрді. Осы орайда жыл бойы атқарылған шаралар бойынша Талғар ауданында имамдардың есеп беру жиыны өтті.
Биеке батыр » мешітінде өткен жиналысты аудан имамы Ерқанат Серікұлы жүргізді. Арнайы бағыттар бойынша жауапты мамандар есеп беріп, көрсеткіштермен таныстырды.
Жиналыс барысында келесі жылдың жұмыс жоспарына қатысты пікірлер мен ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ алдағы уақытта ескерілуі тиіс мәселелерді жеткізді. Жұмыстың сапалы жүргізілуіне мән беру керектігі баса айтылды.
Жиналыс Қасиетті Құран оқумен басталып, соңында ардагер имам аталарымыздың батасымен аяқталды.