РАНТ МҮШЕСІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ
ҚМДб Алматы өкілдігінің жылдық жұмыс жоспары негізінде РАНТ мүшесі Ұлан Беркенбайұлы Қазақстан Республикасы, ТЖМ, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде кездесуге қатысты.
Ақмола облыстық Науан Хазрет мешітінің найб имамы, РАНТ мүшесі Шарипов Ұлан Беркенбайұлы діни фанатизм, діни экстримизмнің алдын алу бойынша уағыз-насихат жүргізді. Жиынға Алматы облысы бойынша дін істері басқарамасының өкілдері және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары қатысты. Сұрақ-жауаптармен пікір алмасып, өзекті мәселелерге тоқталды.