preloader

Жаңалықтар

«Darhan Dala» ЖОБАСЫМЕН ҚАБЫЛИСА ЖЫРАУДЫҢ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

«Darhan Dala» ЖОБАСЫМЕН ҚАБЫЛИСА ЖЫРАУДЫҢ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасы Алматы облысы,Балқаш ауданының бір топ имамдары Қабылиса жырау кесенесін зиярат етіп,құран бағыштады.

«Darhan Dala» жобасының басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі,тарихи орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, тарихи, киелі орындарға рухани тур ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда ауыл имамдары Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы (1733-1824) — XVIII ғасырда ұлы жүз ішіндегі Жалайырдан шыққан аса көрнекті қайраткер Қабан жырау өр мінезімен, өжет батырлығымен, от ауызды, орақ тілді сөзімен көзінің тірісінде-ақ Қабан ақын атанған. Ол ел басшылары Ескелді, Балпық билермен қатар «әулие» деген атқа ие болған. Өйткені әр жерде шашырап, көшіп-қонып жүрген жалайырлардың басын қосып біріктіруде, тұтас бір ел етіп топтастыруда оның еңбегі, қажыр-қайраты үш ғасыр бойы аңыз-әңгімеге айналған.