СТУДЕНТ ҚЫЗДАРҒА БІЛІМ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ҚМДБ Алматы қаласы «Таугүл-3» мешіті «Әйел-қыздар» секторына жанынан ашылған «Айқұрбым» ұлттық рухани даму клубы студент қыздарға арнап білім алудың маңызы және білім жолында керекті кеңестер жайында офлайн семинар ұйымдастырды.
Шараның шымылдығын ашқан «Таугүл-3» бас имамы Ернар Мәжен жиналған 100-ге жуық қыз-келіншектерге «Алып — анадан туады» тақырыбында сөз қозғап, тарихта өткен ұлылардың аналарымен таныстырды. Сондай-ақ, қыз баласының білім алуы бір тұлғаның ғана емес, тұтас қоғамның өзгеруіне әсер ететін маңызды міндет екенін атап өтті.
Семинардың келесі спикері — Нұр Мүбарак университетінің ұстазы Нұржан Смағұл. “Білім алудағы маңызды 3 қадамды” таныстырып, қыздардың білім алуға ықыласын арттырды. Семинар соңында сұрақтарға жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.
Осы шараның ұйымдастырушысы, мешіт ұстазы — Назерке Әбдіраш шараны қорытындылап, жиналған қауымды жақында басталатын мешіттегі Діни сауат ашу курсына шақырды. Қоғамды түзетуге бағытталған игі шараның қызметінде болған барша жанға алғыс білдіреміз!