ҚҰРАН КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ
Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасымен имамдарға арналған 2024-жылғы құран курсының қорытындысы жасалды.
Шараға Алматы облысының наиб имамы Сакен Еншібайұлы, облыстық құран секторының меңгерушісі Абдухалық Абдумажитұлы және облыстық мешіттің наиб имамы Серік Мағаз қатысты. Облыс бойынша сабақ берген қарилардың басын қосып, жыл бойы өткізген сабақтың артық-кем тұстары талқыланып, келесі жылға байланысты ұсыныстар айтылды. Шара соңында қариларға арнап ас берілді.