БАЛҚАШ АУДАНЫ: “ПӘТУА САҒАТЫ” ЖОБАСЫ БОЙЫНША ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Балқаш ауданында «Пәтуа сағаты» жобасы бойынша ауыл имамдарына семинар өтті.
Әр аптаның жұма намазынан кейін жамағатқа өткізілетін шаралардың басты мақсаты – пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардан сақтандыру, сондай-ақ ҚМДБ тарапынан шыққан пәтуаларды жеткізу және жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітаптарының мазмұнымен таныстыру болып табылады.
Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының айтуынша аталмыш семинар барысында имамдар тарапынан туындаған сұрақтарға да толыққанды жауап беріледі.



