ІЛЕ АУДАНЫ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Алматы облысы, Іле ауданы: “Зекет және қайырымдылық” қорының “ТАЙҚАЗАН” жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Байсерке ауылдық «Хайыр Ихсан» мешітінің ұйымдастыруымен “ТАЙҚАЗАН” қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық шарада әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және жалғыз басты 50 отбасына 1 айлық азық-түлік себеттері үлестірілді. Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы ислам дінінің жақсылық жасау, қайырымды, бір-біріне жәрдемші болу тақырыбында уағыз айтты.



