“АЖЫРАСУ – АЛЛА СҮЙМЕЙТІН ІС” АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы облысы Жамбыл ауданы орталық Шынасыл мешітінде әйелдер жамағатына “Ажырасу- Алла сүймейтін іс” атты семинар- тренинг өткізілді.
Семинарға спикерлер ретінде Алматы облысы әйел-қыздар секторы жетекшісі Назерке Жаналиева мен Отбасы құндылықтарын дәріптеп жүрген ғалым Құралай Жарболқызы келді. Шарада аудан бас имамы Тойчибаев Б.А. мен Жамбыл ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Омарбекова Р.Ш. кіріспе сөздерімен ашып берді. Ажырасу деген амалды Алла жаратып бергенімен, ең жек көретін амал екендігі айтылады. Атам қазақ та “қайтып келген қыз жаман” деген мәтел сөзбен ажырасудың сүйкімсіз амал екендігін аңғартқан. Қонақ болып келген ұстаздар отбасы құндылықтары мен ажырасудың зардаптары туралы маңызды тақырыптарды ашып берді. Тренингке келген әрбір әйел кісі отбасының берекесін сақтап қалуға тырысу секілді тұжырымды ой түйді.



