БАЛҚАШ АУДАНЫ: 120 ОТБАСЫҒА 3 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
Балқаш ауданы: Бақанас аудан орталығында 120 отбасына 3 тонна азық-түлік таратылды.
ҚМДБ Алматы облысы өкілдігіне қарасты Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде қадір түні қарсаңында ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
«Рамазан сыйы» атты ізгі шараға Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті қызметкерлері қатысты.
Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған және шалғай ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік қоржыны үлестірілді. Шара аясында 120 жанұя қамтылды.



