preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: “РАМАЗАН СЫЙЫ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

ТАЛҒАР АУДАНЫ: “РАМАЗАН СЫЙЫ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ЖАЛҒАСУДА

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан «Зекет және қайырымдылық» қоры «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафонын бастағаны белгілі.
Осы марафон аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай бастау алған игі жоба жыл бойы жалғасын табады.
Аталмыш шаралар еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асып келеді. Осы игі шара Алматы облысы, Талғар ауданында да белсенді ұйымдастырылып, жалғасын табуда. Кезекті қайырымдылық шаралары Талғар ауданына қарасты Жалғамыс және Нұра ауылдық мешіттерінде және Талғар қаласында орналасқан Рахымберген қажы және Биеке батыр мешітінде ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған қайырымдылық шараларына жалпы саны 150 отбасы қамтылды. Оларға азық – түлік себеттері таратылды. Өз кезегінде отбасы мүшелері мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді. Игі шара әлі де жалғасын табатын болады.