preloader

Жаңалықтар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРМЕН ЖҰМАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРМЕН ЖҰМАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Қонаев қаласында орналасқан Қарттар үйінде жұма күні рухани сұхбат өтті.

Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес қарттарға зират жасалып, облыс бойынша “Дін мен дәстүр” бағытына жауапты имам Қаби Ринат Маратұлы аталар мен әжелерге дін мен дәстүр тақырыбында насихат айтып, өткендерге Құран аяттарын бағыштады. Қарттарымызбен өткен сұхбат жақсы көңіл күйде өтіп, осындай кездесулердің жиі болып тұруын ұсынды.