preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: МЕШІТ ҚҰЖАТТАРЫН РЕТТЕУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: МЕШІТ ҚҰЖАТТАРЫН РЕТТЕУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Талғар ауданында мешіттердің құжаттық сәйкестігін қамтамасыз етуге арналған маңызды жиын өтті. Басқосуға жаңадан тағайындалған ауданның бас имамы Ринат Маратұлы жетекшілік етті.

Жиын барысында мешіттердің тіркеу және заңды құжаттарын реттеу жұмыстарының есебі тыңдалып, бұл істердің мемлекеттік талап пен заман талабына сай жүргізілуі керектігі атап өтілді. Бас имам имамдарға құжаттық тәртіпке мұқият қарап, мешіт мәртебесін заң аясында жүйелеудің маңызын еске салды.

«Мешіт – рухани ғана емес, ресми де орталық. Сондықтан әр ісімізде жауапкершілік болуы тиіс», – деді Ринат Маратұлы.

Жиын имамдардың құқықтық сауатын арттырумен қатар, дін мен заң үндестігін қамтамасыз етудің нақты қадамдарын көрсетті.